Өмірбаян
Мен, Оралбаева Жамила Кабдулманатовна 1995 жылы 21 қазанда Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Ұлан ауылында дүниеге келдім. 2001 жылы 1 қыркүйекте Ұлан ауылында «С.Аманжолов атындағы орта мектебі» КММ-не даярлық сыныбына қабылдандым. 2013 жылы осы мектептен 11-сыныпты аяқтадым.
2013 жылы Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша І-курс студенті атандым. 2016 жылы «Бастауыш сынып мұғалімі» біліктілігі бойынша оқуды аяқтадым.
2016 жылы 1 қыркүйекте «С.Аманжолов атындағы орта мектебі» КММ-не бастауыш сынып мұғалімі болып жұмысқа орналастым. Сол жылы ШҚМУ «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығына түсіп, 2019 жылы аталған мамандық бойынша білім беру бакалавры дәрежесін алып шықтым.
2024 жылға дейін Ұлан ауданы, Ұлан ауылы, «С.Аманжолов атындағы орта мектебі» КММ-де бастауыш сынып мұғалімі қызметін атқардым.
2024 жылы 2 қыркүйекте Күршім ауданы, Топтерек ауылы, «Топтерек бастауыш мектебі» КММ-не мектеп меңгерушісінің уақытша міндетін атқарушы лауазымына тағайындалдым.
2025 жылы 11 наурызда мектептің қайта аталуына байланысты мектеп директорының міндетін атқарушы қызметіне ауыстырылдым
Пікірлер қосу